Аталған жағдай Қарағанды облысына қарайтын өңірде болды.
Мас болып көлік жүргізген әкім ұсталды
freepik.com
1,982
оқылды

Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі мас болып көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаннан кейін жұмыстан шығарылды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz сайты. 

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің мәліметінше, қолданыстағы заңнама нормаларына сай, әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде әкімді 7 наурыздан бастап мемлекеттік қызметтен босату туралы шешім қабылданған.

Тергеу барысында айыпты шенеунік қызметтік әдеп нормаларын бұзғанын мойындады. Бұл туралы облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

“Қызметтік тергеу нәтижесі бойынша Бұқар жырау ауданының әкіміне Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің 6 және 10 - тармақтарының 4, 5 және 8-тармақшаларын сақтамағаны үшін атқаратын қызметінен босату ұсынылды”, – делінген хабарламада.