Елімізде миллион теңгеден жуық жалақы алатын азаматтардың санаты артты.
Қазақстанда қай мамандық иелері миллион теңгенің үстінде жалақы алады?
717
оқылды

2022 жылы тек үш санат болатын. Ол кезде теңіз және жағалаудағы жүк тасымалдау қызметі, қаржылық қызмет көрсету және сақтандыру саласындағы көмекші қызметі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметшісі ғана 1 миллионға жуық жалақы алатын, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Finporm.kz сайтының жазуынша, бір жылдан кейін, 2023 жылдың желтоқсанына қарай бұл тізім тағы үш саламен толықты. Олар:

- әуетасымалы;

- сақтандыру және зейнетақы қамсыздандыру;

- бас компания мен басқару бойынша кеңес беру.

Сонымен қатар  былтыр IV тоқсанда ең жоғары номиналды жалақы бойынша жаңа рекорд орнатылды. Мәселен, былтыр соңғы 4 айдың ішінде әлеуметтік сақтандыру саласында жалақының көлемі бірден 48,3 пайызға артып, 1,6 миллион теңгеге жеткен.

Ал миллионның үстінде ақша алатын мамандықтардың тізімі осындай:

- мұнай саласындағы компанияның бас директоры (3,9 миллион теңге) бар.

- сауда компаниясының басқарма төрағасы (5,8 миллион);

- тасымалдау саласындағы инженер (5 миллион);

- қаржы және сақтандыру компаниясының атқарушы директоры (4,8 миллион);

- құрылыс саласындағы коммерциялық директор (4,7 миллион);

- әуекөлігі мен халықаралық қатынастар бойынша маман (4,5 миллион).