"Қайраттың" ойыншысы әйеліне мерекеде Mercedes сыйлайды

Бұл туралы спортшының жары әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет әйелі Нұрсұлу Ізбасароваға көлік сыйлады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Футболшы 8 наурызға әйеліне Mercedes C klass сыйлаған.

"Бұл 8 наурыз мерекесіне алған сыйлығым!"  деп жазған Нұрсұлу Ізбасарова әлеуметтік желіде күйеуіне алғыс айтады.