32 жастағы әйел 27 ақпанда ұсталды, – деп жазды "Мой город" басылымы.
Атырауда халықаралық іздеуде жүрген шетелдік әйел қолға түсті
4,624
оқылды

Атырау облысы Көші-қон полициясының қызметкерлері "Борышкер" шарасы аясында халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2022 жылғы 5 желтоқсанда шетелдікке 53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Одан берешек сома өндірілді. Сондай-ақ ол ел аумағында болу тәртібін бұзды. Ол қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылды",  деп хабарлады ведомстводан.

Атырау облысы бойынша өткен жылы жүзден астам борышкерге іздеу жарияланған. Олардың ішінде полицейлер 79 адамды ұстап, арнайы есептен шығарды.

"Іздеу жарияланған борышкерлердің арасында ҚР азаматтарымен қатар шетелдіктер де бар", – деп хабарлады өңірлік ПД.