Оның айтуынша, мұндай әрекетке баратын әйелдер өзін төмен санайды, қадір-қасиетін жоғалтып алған.
Психолог күйеуіне тоқал әперетін әйелдерді сынады
Фото: instagram/yerzhan.myrzabayev
3,996
оқылды

Кейінгі кезде күйеуінің туған күніне тоқал «сыйлайтын» әйелдердің саны көбейген. Олар видеосын әлеуметтік желіге жариялап, оқырман назарын аударады.

Психолог Ержан Мырзабаев Instagram-дағы парақшасында осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай әрекетке баратын әйелдер өзін төмен санайды, бағаламайды.

«Күйеуіне тоқал әперетін әйелдің өзін-өзі бағалауы төмен деп айтуға болады. Яғни өзін плинтустан да төмен санайтын, қасиет-қадірін жоғалтып алған әйел. Екіншіден, күйеуін соншалықты жек көретін әйелдер осындай қадамға барады. Күйеуін қаламағандықтан басқа әйел тауып беріп, құтылғысы келеді. Әйтеуір, асқа, тойға барғанда ғана жүріп, ақшасын алып, емін-еркін өмір сүруді қалайтындар. Бұл жерде күйеуі әйелінің тоқал алып бергеніне мәз болмай, өкіну керек. Демек, әйелі күйеуін сүймейді, бірге болғысы келмейді деген сөз ғой. Әйтпесе, дені сау, психикасы дұрыс әйелде сүйген адамыңды бөлісу, беру деген жоқ», – дейді психолог.

Оның айтуынша, бұған екі себеп бар: әйел өзін төмен санайды немесе күйеуі оңбаған.