Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы 1-бөлігімен ("өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау дерегімен") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Құлсары іргесіндегі көне зиратта құлпытастар тоналып жатыр
1,068
оқылды

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының шет жағында орналасқан көне зираттардың құлпытасын бұзып, тонауда,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл бейіттің аты жоқ, кейінгі жылдары "Қоғабай" деп аталып жүр. Қаланың оңтүстік бөлігінде өндірістік аймақта орналасқан. Бұл көне бейіт, Ұлы Отан соғысы жылдарында болған деседі. Бірақ әлі де болса аталары сол жерде жатқандықтан, қайтыс болған туыстарын сол қорымға апарып қойып жүр. Елеусіз қалғандықтан, марқұмдарға қойылған құлпытастарды бұзып әкетіп жатыр. Темір болса болды, оны металлоломға өткізіп, ақша тауып жүрген топ болуы мүмкін. Қалай еткенде де, құзырлы орындар шұғыл шара алулары керек,  дейді Құлсары қаласының тұрғыны Әбдіхалық Сисенбердиев.

"Ақ Жайық" басылымы жазғандай, зират қоршалмағандықтан, аңғал-саңғал күйде жатыр.

Осы орайда тұрғынның шағымын облыстық ПД баспасөз қызметіне жолдадық. 

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы 1-бөлігімен ("өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау дерегімен") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған бейіттердің есімдері болмауына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде»,  деді ПД баспасөз қызметі.