Ол Қазақстанда фан-кездесу ұйымдастырып, кештің билеттерін сата бастаған.
Алматыда «Слово пацана» сериалының актерімен бір суретке түсу – 48 мың теңге
1,237
оқылды

«Слово пацана» телехикаясында Мараттың рөлін сомдаған Рузиль Минекаев қазақстандық жанкүйерлерімен ақылы кездесу өткізбек, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы "Халық үні" басылымы Kp.ru ақпарат көзіне сілтеме жасап мәлімдеді. 

Бұл ретте Рузиль Минекаев Қазақстанда фан-кездесу ұйымдастырып, кештің билеттерін сата бастаған.

Онымен кездесіп, тілдесу құны – 5 200 рубль немесе 25 500 теңге шамасында;

Фотоға түсу үшін ұйымдастырушылар 9 800 рубль немесе 48 200 теңге талап еткен.

Басылым дерегінше, Алматыдағы фан-кездесу 3 сағатқа созылады деп жоспарланған.