Көбі Жаңаарқа ауданының ауылдары.
Ұлытау облысында 25 елді мекенді су басуы мүмкін
1,162
оқылды

Мамандардың сөзінше, күн жылынған жағдайда өңірді су басуы әбден мүмкін, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

24.kz арнасы жазғандай, күн күрт жылынса, елді мекендер су астында қалады. Биыл өңірде қар қалың түсті.

Облыстың солтүстік бөлігінде тоңның қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. 

Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр.

"Бүгінде 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15 наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтіледі. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған  жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады", - деді Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім басшысы Әлібек Әбілов.