Әнші Мақпал Жүнісова Алматыда жеке концертін өткізді.
«Жардай болып, семіріп тұрасыз»: Мақпал Жүнісова концертте жұртты күлкіге қарық қылды
Фото: YouTube
19,329
оқылды

Қазақстанының Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Алматыда жеке концертін өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әншінің концертті таспалап тұрған оператор жігіттерге қарата айтқан әзілі жұртты еріксіз күлдірді.

«Мені табақтай қылмай, дұрыстап түсіріңіздер. Осы Алматыдағы Көк базарға жиі барамын ғой, ол жердегілердің бәрі достарым. Олар «Мәке, қандай әдемі келіншексіз! Теледидарда жардай болып, семіріп тұрасыз» дейді. Баяғыда Зәкең де «Менің қатыным «нормальный» сияқты еді, теледидардан көрсем танымай қаламын» деп айтатын. Сондықтан құрметті концертті түсіріп тұрған жігіттер, мені бір сағатқа болса да, өз қатындарыңыздай жақсы көріп, әдемілеп түсірулеріңізді өтінемін», -  деді Мақпал Жүнісова.