Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Жетісу облысында он шақты үйдің ауласын су басты
682
оқылды

Жетісу облысында егістік жерлерде қардың жылдам еруінен Алакөл ауданы Бескөл стансасында 10-ға жуық үйдің ауласын су басып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардан 15 адам, 5 техника және 3 мотопомпа еріген қар суын бұру және суару каналын кеңейту бойынша жұмыс жүргізді.

Оқиға орнына қосымша тағы 25 құтқарушы, 4 техника және 6 мотопомпа барды.