Күдікті қылмыстық әрекетін арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырған.
Шымкенттік азамат жалған шот-фактура жасап 443 миллион теңге салықтан жалтарған
Фото: gov.kz
1,023
оқылды

Шымкентте жұмысын нақты орындамай әрі тиісті қызмет көрсетпей жалға берілетін шот-фактуралар жазып беру арқылы мемлекеттік бюджетке шығын келтіріп, салық төлеуден жалтарған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді.

- Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген, - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.