Алаяқ азаматтардың атынан микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.
Ақмола облысында салық қызметкері декларация тапсырған азаматтардың атынан несие рәсімдеген
Фото: tengrinews.kz
1,773
оқылды

Ақмола облысында Қосшы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық қылмысы анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақмола облыстық Прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапқа тартылды», — деді ведомстводан.

Осы ретте, прокуратура қызметкерлері азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарынан сақ болуға шақырады.