Күйеуінің ұрып-соғуынан шаршаған Салтанат 2023 жылы тамыз айында Павлодарға ата-анасының үйіне кетіп қалған.
"Миындағы ісік 3-4 апта бұрын пайда болған": Адвокат Салтанаттың денесіндегі жарақаттарға Бишімбаевтың қатысы жоғын айтты
Фото: instagram.com/aitym
1,729
оқылды

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Салтанаттың денесіндегі жарақаттар туралы айтып, қорғаушысының әйеліне жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткені дәлелденбегенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Күйеуінің ұрып-соғуынан шаршаған Салтанат 2023 жылы тамыз айында Павлодарға ата-анасының үйіне кетіп қалған. Бишімбаев Салтанатты өзіне қайтып келуге көндіреді. Осы жағдайдан кейін марқұм күйеуінен бірнеше рет кетіп қалуға тырысқан, алайда Бишімбаев түзелуге уәде беруден жалықпаған. Сотталушы қарашаның 24 күні Астанада жүріп тағы жанжал шығарып, Салтанатты ұрып-соққан. Бишімбаевтың екінші адвокаты Талғат Балашовтың айтуынша, сараптама қорытындысына сәйкес, миындағы ісік қайғылы оқиғаға дейін 3-4 апта, білектегі жаралар 3-5 күн бұрын пайда болған. Адвокат гистолог адам мұндай ісікпен екі айға дейін жүре беруі мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ ол Салтанаттың басындағы гематоманың пайда болуына сот-медициналық сарапшылар қарама-қарсы қорытынды жасап жатқанын атап өтті.

 

Бұған дейін Нүкенованың басына 12-13 мәрте соққы жасалып, басына қан ұйығаны туралы айтылған еді.

Сонымен қатар сотталушының адвокаты Назкен Құсаинова тергеу барысында Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы жүйелі түрде ұрып-соққаны дәлелденбегенін айтты.

“Тергеу кезінде Бишімбаевтың жүйелі түрде ұрып-соғуы, әсіресе зорлық-зомбылық әрекеттері дәлелдеген жоқ. Сондай-ақ Бишімбаевтың Нүкеноваға ұсақ-түйек шығындары үшін ай сайын 5-6 миллион теңгеден астам ақша аударғанын ескерсек, марқұмның қаржылай тәуелді болғаны туралы да ешқандай дәлел жоқ. Аударымдар өтінішке қоса берілген”, – дейді Назкен Құсаинова.