Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етіп, оның және зайыбы Зарифа Әлиеваның бейіттеріне гүл шоғын қойды.
Қазақстан Президенті Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда
601
оқылды

Қазақстан Президенті Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етіп, оның және зайыбы Зарифа Әлиеваның бейіттеріне гүл шоғын қойды.

шоғы
Фото: Ақорда
шоғы
Фото: Ақорда

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

аллея
Фото: Ақорда

Мұнда елдің азаттығы жолында, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін құрбан болған әзербайжан халқының батыр ұлдары жерленген.

шоғы
Фото: Ақорда

Шаһиттер аллеясы «Нагорный» саябағының аумағында орналасқан. Мұнда 1990 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандары мен Қарабақ үшін болған шайқастарда қаза тапқан ұлт қаһармандарының бауырластар зираты бар.