16 мыңнан астам қазақстандық қол қойды
Вандализмге қарсы петиция
1,169
оқылды

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын ван­дализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық ак­цияны жалғастыруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қа­зақстанның экономикалық бағ­дары» Жолдауында заңды қа­таң сақтауды, қоғамдық тәр­тіпті қамтамасыз етуді тап­сыр­ғаны белгілі. Президент дала­да­ғы, көшедегі вандализм, кейбір аза­маттарымыздың тәртіпсіздігі, мә­дениетсіздігі, түрлі тұр­мыс­тық жанжал еліміздің халық­ара­лық аренадағы абыройына нұқ­сан келтіретініне назар аударды.

Мәселені шешу үшін жастар қа­натының белсенділері мен жақ­тастары өткен жылы тарихи ес­керткіштерді, табиғи сая­бақ­тар мен қасиетті орындарды бұ­­­­зақылық пен вандализмнің ізі­нен тазартуға кірісті. Мысалы, «Жастар Рухының» 50-ден астам белсендісі «Жұмбақтас» жар­та­сын тазалап, «Бурабай» мем­ле­кет­тік ұлттық табиғи паркінің ау­­­­мағында сенбілік өткізді. Со­ны­мен қатар жастар қанатының мү­шелері Алматы облысындағы Іле өзенінің бойында орналасқан «Тамғалы тас» шатқалынан 100 қап қоқыс шығарды. Қостанай об­лысы Мичуринское ауылында «Жас­тар Рухы» белсенділері Ыбырай Алтынсарин кесенесі­нің аумағында сенбілік ұйым­дас­тырды. Мұндай іс-шаралар ел­дің өзге өңірлерінде де өтеді.

Барлығы 1 500-ден астам «Жас­тар Рухы» белсенділері мен ерік­тілері 500-ден аса табиғи, та­рихи және мәдени ескерткішті та­зартты.

Акцияға қоғам белсенділері де қосылды. Мәселен, Kaz Alpine Сlub бірлестігінің басшысы Де­нис Лукьянчук өткен жылдың 13 қа­рашасында ұлттық мұраны қор­ғау жөнінде петиция баста­ды. Атап айтқанда, автор ванда­лизм­ге қарсы бірқатар шараны ұсы­нады: ескерткіштерді бүл­дір­гені үшін жазаны қатаңдату, айып­пұлдарды көбейту және ел­ді мекендерден алыс орна­лас­қан қасиетті нысандарды күзету үшін көшпелі патрульдер ұйым­дас­тыру және өзге де жобалар ен­гізіліп отыр. 

Жарты жылға жетпей бұл бас­таманы 16 мыңнан астам адам қол­дады. «Жастар Рухы» жас­тар қа­натының мүшелері бар­лық қа­зақстандықты өзекті мә­се­леден тыс қалмауға және пе­­­ти­ция­ға қол қоюға шақырады.

Петицияға қол қою үшін alash.online порталына кіріңіз­дер.