Сәкен өзінің спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасына аттанады.
Сәкен Бибосынов Олимпиадаға барады
Фото: kfb.kz
851
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Бусто-Арсициода өтіп жатқап лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 51 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов ширек финалда ұлыбританиялық Кириан Макдонльды 4:0 есебімен жеңді. 

Осылайша, Сәкен өзінің спорттық мансабындағы екінші Олимпиадасына аттанады. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында Бибосынов қола жүлдегер атанған болатын. 

Айта кетелік, бүгін 92 келідегі Айбек Оралбай Париж ойындарының лицензиясына қол жеткізген еді.