Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды.
Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды
803
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапары аясында Физули қаласына барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады,  деп жазды Ақорда.

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.