Жастардың арасынан 422 адамның өтініші мақұлданды.
"Ұлттық қор – балаларға": 18 жасқа толған қазақстандықтар алғашқы қаражаттарын қайда жұмсағаны белгілі болды
Фото: Ppavlodartoday.com
6,572
оқылды

18 жасқа толған қазақстандықтар «Ұлттық қор  балаларға» жобасы аясында бөлінген алғашқы қаражаттарын пайдаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, наурыз айына дейін барлығы 775 адамнан өтініш түскен. Жастардың арасынан 422 адамның өтініші мақұлданған. Олар өздеріне тиесілі ақшаны тұрғын үй жағдайларын жақсарту және білім беру ақысын төлеу үшін қолданған.

«Тұрғын үйді жақсарту үшін 16 016 доллар және білім беру үшін 26 062 доллар төленді. 2024 жылдың басында нысаналы талаптарға қатысушылардың саны 6 919 131 адамды құрады, оның ішінде 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толды (толады)»,  делінген хабарламада. 

Есептеулерді кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері eGov.kz порталынан және enpf.kz сайтынан көре алады. Биыл кәмелетке толған (толатын) балалар үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на жалпы сомасы 30 640 003,80 АҚШ долларын құрайтын қаражат аударылып қойды.

Еліміздегі балаларға ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаражат жыл сайын аударылады. Әу баста әр баланың арнайы шотына 160 АҚШ доллары беріледі деген еді, алайда кейін тек 100,5 доллардан аударылды.