Өнер иесі кезінде жолдасына үйленуге ұсынысты өзі жасағанын мойындады.
"Қолынан жетектеп АХАТ-қа апардым": Жеңіс Ысқақова күйеуіне үйленуге ұсынысты өзі жасағанын айтты
Фото: oldkaz.kyzylorda-news.kz
3,376
оқылды

Қазақстандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, ел білмейтін жайттармен бөлісті. Өнер иесі кезінде жолдасына үйленуге ұсынысты өзі жасағанын мойындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңіс Ысқақова "Хабарlike" бағдарламасында қонақта болып, отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Эстрада жұлдызы жолдасы екеуі талай қиындықты бірге жеңіп, бүгінде бақытты өмір кешіп жатқанын айтты. Алайда отау құрғандарына 32 жыл болса да, әншінің күйеуі оған әлі де жақсы көретінін айтпаған.

 "Қолынан жетектеп, өзім АХАТ бөліміне апардым. Жоқ деп айтады деп қорықпадым. Оның таңдауы болмады. Біздің кезімізде мәһір деген дүние болған жоқ. Екеуміз қосылып, бір жатақхана алғанға мәз болдық. Солай келе адам болдық. Екеуміз отбасын құрғанда екі сөмкеміз ғана болды. Кейін ыдыс-аяғымызды алып, үйімізді толтырдық. Өз басым мәһір дегенді құптамаймын. Ең бастысы, сезім, сыйластық, бір-біріңді жалықтырып алмау. Биыл отау құрғанымызға 32 жыл болады. Менің жолдасым өте салмақты, сөзге сараң жігіт. Жақсы көрем деп те айтпайды. Сол сөзді күтіп жүргеніме 32 жыл болды", деді Ысқақова.