Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновқа қыз зорлады деген айып тағылды.
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты дау шықты
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің ресми сайты
743
оқылды

Әлеуметтік желіде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновқа қыз зорлады деген айып тағылды. Бұл жайтқа қатысты облыс әкімдігі түсінік берді, – деп  хабарлайды Aikyn.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

 Facebook желісінде шенеунікке қатысты жазба жарияланды. Бұл ретте Павлодар облысының әкімдігі қызға қарсы арыз түскенін мәлімдеді.

"Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов денсаулығына байланысты 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап еңбек демалысында болды. Біздегі мәлімет бойынша, Павлодар облысының Полиция  департаменті жеке тұлға Серік Батырғожиновтың арызы негізінде бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жәбірленуші тарап – Серік Батырғожинов. Тергеу амалдары жүргізілді, айыпталушы тараптың қорғауында көрсеткен фактілері тексеріліп, расталған жоқ. Бүгінде  іс сотқа жіберілді", - деп түсіндірді аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Ведомство толық ақпарат алу үшін процеске қатысушылармен тікелей байланысуды ұсынды.

Павлодар облысының Полиция  департаменті бұл жағдайға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.