Сот отырысына процеске қатысушылар жіберіледі және қатысады.
Сот – қоғамның бір бөлігі
Фото: krg.sud.kz
809
оқылды

Жоғарғы Соттың судьясы Назгүл Рахметуллина сот процесінің БАҚ-қа қолжетімділігіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Соны оқырман назарына ұсынамыз.

Жариялылық дегеніміз не?

– Бұл ұғымның мазмұны Жоғарғы Соттың «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізудің ашықтығы қағидатын сақтау туралы» нормативтік қаулысымен түсіндірілген. Сот ісін жүргізудің жариялылығын ашық сот талқылауын өткізу ғана емес, оған тараптардың қатысуын, іске қатыспайтын басқа тұлғалардың қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету деп түсіну керек. Бұл принципке сот шешімін көпшілік алдында жария ету жатады.

Осылайша, ашықтық принципі сақталатын шарттарды анықтауға болады. Екі негізгі шарт бар. Бірінші – сот отырысына процеске қатысушылар жіберіледі және қатысады.

Бұл тек мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші(лер), олардың ресми өкілдері, сотталушы(лар), олардың қорғаушылары (тиісті қаулымен жіберілген жақын туыстары), қорғаушы-адвокаттар. Сот талқылауының басты мақсаты – қылмыстық істі шешу, әділ үкім шығару екенін ұмытпауымыз керек. Осыған сәйкес сот, ең алдымен, айыптау және қорғау тараптарына олардың құқықтарын кедергісіз және толық қорғау үшін жағдай жасауға міндетті.

Екінші – cот талқылауы ашық түрде өтеді. Яғни, процесс туралы ақпарат барлығына қолжетімді болуы керек: не болып жатыр, кім айтып жатыр, не айтады және т.б. Сот залына кейде барлық тілеулес журналистер мен операторлар сыймай жатады. Ондай кезде БАҚ-қа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қолда бар технологиялар сәтті қолданылады. Процестің онлайн трансляциясы басқа бөлмеде көрсетіледі.

БАҚ өкілдері егер көрші бөлмеде отырса және сот процесін басынан аяғына дейін бақылап, бәрін жазып алып, онлайн жариялауға мүмкіндігі болса, «БАҚ-ты сот отырысы залына жібермеді» деп айта аламыз ба?

–  Меніңше, жоқ. Мен бұл туралы бұрын да жаздым. Сот – қоғамның бір бөлігі. Онда сіз сияқты еліміздің азаматтары жұмыс істейді. Мысалы, сотта немесе басқа да қоғамдық орындарда өзімізді ұстауымыз - өзімізді қаншалықты құрметтейтінімізді, тәрбие деңгейін, өзін-өзі ұстау мәдениетін көрсетеді. Бұл – жас ұрпаққа үлгі, әлем жұртшылығы алдындағы біздің «кескін-келбетіміз».