Журналистің айтуынша, жігіттен осыдан екі жыл бұрын қарызға берген ақшасын қайтарып беруді сұраған.
«Сотта кездесеміз»: Анна Данченко бұрынғы сүйіктісі өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін айтты
Фото: instagram.com/ann_2905
16,959
оқылды

Танымал журналист Анна Данченко бұрынғы сүйіктісінен қарызға берген ақшасын қайтаруды сұрағанда оның қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Журналистің айтуынша, жігіттен осыдан екі жыл бұрын қарызға берген ақшасын қайтарып беруді сұраған. Енді сотқа жүгінуге мәжбүр.

"Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады, екі аптадан кейін қайтарамын деді. Ол кезде біз бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана "анамның еміне ақша қажет" деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам маған қоқан-лоқы жасап жатыр. Енді сұрақ, жігіт маған қарыз, оның үстіне бопсалайды. Бұл дұрыс па? Нағыз ер жігіт осындай әрекетке бара ма? Сотта кездесеміз дедім, күлді",  деп жазды ол.

Тележүргізуші енді заңгер, адвокат іздеп жатыр. Сонымен қатар  оқырмандарына ешқашан ешкімге қарыз бермеуге кеңес берді.