Екі боксшымыз жарысты аяқтады.
Сербиядағы турнир: қазақстандық екі боксшы жарыстан шығып қалды
Фото: olympic.kz
970
оқылды

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Бранко Пешич атындағы дәстүрлі мемориалдың бірінші жарыс күні аяқталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, турнирдің алғашқы күні шаршы алаңға үш қазақстандық боксшы шықты. 

71 келі салмақ дәрежесіндегі Сабыржан Аққалықов дода қожайыны Антонио Биссетті еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңді.

Өкінішке қарай, екі боксшымыз жарысты аяқтады.  63,5 келі салмақ дәрежесіндегі Ерасыл Таңқай армениялық боксшы Нарек Хоранисяннан жеңілді. Төрешілер 1:4 есебін тіркеді.

Ал алғашқы айналымда-ақ 2023 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Шарапутдин Атаевпен кездескен Темірлан Мұқатаев төрешілер шешімімен қарсыласына есе жіберді.