14 наурыз күні Жамбыл облысына қарасты Түрксіб ауылы, Арай көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің ауласын су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Су басқан аула аумақтарында судың бағытын бұру және суды сорып шығару жұмыстары жүргізілді.
ТЖД күштерімен барлығы 350 текше метр су сорып шығарылды.
– Қазір су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда, – деп жазды ТЖД.