Қазір халыққа әлеуметтік-еңбек дауларын өз бетінше шешу жолдары түсіндірілуде.
«Құқықтық көмек»: 6 мыңға жуық адам көмек алды
1,044
оқылды

Қазақстанда «Құқықтық көмек» жобасы іске қосылғаннан бері 6 мыңға жуық адам құқықтық сауаттылық бойынша кеңес алған. Астанада азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«AMANAT» партиясының өкілдері, судьялар, сарапшылар мен заңгерлер халық арасында еңбек дауларын шешу, алимент төлеу және басқа да өзекті тақырыптарды қаузады. Қазір халыққа әлеуметтік-еңбек дауларын өз бетінше шешу жолдары түсіндірілуде.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесіне орай «AMANAT» партиясы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Түрлі сала мамандарымен халық арасындағы әлеуметтік-еңбек даулары мәселелері талқыланды. Бүгінде «Құқықтық көмек» жобасын жүзеге асыру аясында «АМАNАТ» партиясы 2 жарым мыңнан астам азаматты қабылдады. Олар алимент, жалақының төленбеуіне, еңбек даулары бойынша қабылдауға келеді, - деді «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Ардан Аралбай.

Бұған дейін «Қарызсыз қоғам» жобасы көпшіліктің қолдауына ие болғаны туралы жазған болатынбыз.