Елорда қонағы полицейге таңданып, көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Қытайша сөйлейтін патрульдік полицей
4,860
оқылды

Қытай азаматы өз тілінде жол сілтеп, көмек көрсеткен туристік полиция қызметкеріне алғыс білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада туристік полиция бекеттері шетелдік қонақтар жиі келетін жерлерде орналасқан. ҚХР азаматы Астананың кейбір көрікті жерлерін өз бетінше таба алмаған. Патрульдік полиция қызметкері аға лейтенант Жеңіс Өнербек көмектесу керектігін сезіп, қасына келген. Тәртіп сақшысы туристке мүдірместен қытай тілінде кеңес беріп, жол сілтейді.

Елорда қонағы полицейге таңданып, көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Жеңіс Өнербек 2021 жылдан бастап патрульдік полицияның туристік взводында қызмет етеді. Ол орыс, ұйғыр, ағылшын және қытай тілдерін меңгерген. Өзі Қытай Халық Республикасында туылып, балалық шағын сол жақта өткізген. 2006 жылы Қазақстанға көшіп келген.