Күдікті 2024 жылдың қаңтар айында Чехияда ұсталған.
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Чехиядан экстрадицияланды
Видеодан скриншот
978
оқылды

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдікті Ж-ны аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Чехиядан экстрадициялады. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті 2024 жылдың қаңтар айында Чехияда ұсталған.

«Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, оны алдап 19 миллион теңгенің тауарын иемденген. Оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды» – делінген хабарламада.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.