Мектеп оқушысы үйіне оралды.
Түркістанда анасымен ұрсысып қалған 14 жастағы қыз жоғалып кетті
фото: pixabay.com
974
оқылды

Түркістанда 14 жастағы жасөспірім кешкі уақытта ешкімге ескертпестен үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жақындары оны өздері іздеуге тырысқан, бірақ нәтиже болмаған,  деп хабарлайды Aikyn.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жасөспірімнің анасы шағымданған. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін деген жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Полицейлер жас қызды саябақта қыдырып жүрген жерінен тапты.

Жасөспірім қыз анасымен ұрсысып қалғаны белгілі болды. Жанжалдан соң үйінен қашып кетіп, достарының үйінде түнеген.

Мектеп оқушысы үйіне оралды.