«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы
1,027
оқылды

«TALQYLAU» диалогтік алаңына партияның аза­мат­тық қоғам және мәде­ниетті дамыту мәселелері жө­ніндегі «MIRAS» аймақ­тық кеңесінің мүшелері, саясаткерлер, ғалымдар, фракция мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, партия белсенділері қа­тысты.

«Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақы­ры­бы. Ұлттың бүгіні де, бо­ла­шағы да тәрбиелі ұр­паққа байланысты. Бүгінгі таңда ауқымы кең, өзекті тақырып, өйткені, қазір жас ұрпақ көбінесе әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс ба­ғытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл – өте қауіпті үрдіс. Интернет арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастарымыз да бар. Жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтап, ұлттық сана се­зімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын жалпы адамзат­тық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжан­ды тұлғаны тәрбиелеу – ортақ міндетіміз», – деді «AMANAT» партиясы Шым­кент қалалық филиа­лының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева. 

Жиналғандар заман ағымының жастар санасына әсері туралы да түрлі бағытта пікір таластырды. Ұлттың болашағы ұрпақ тәрбиесін ешқашан назардан шығармау керектігін сөз еткен зиялы қауым өкіл­дері мектеп пен бала­бақ­шаларда жеке отбасыларында да ұлттың қадір-қасиетін дәріптеп, ұлттық тәрбиенің бастауы бо­ларлық негіздемелерді анықтап отыру керектігін айтты.