Көкшетау қаласында «АМАNАТ» партиясы Ақмола облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының форумы өтіп, партияластар сайлауалды бағдарлама­ның орындалу барысын талқылады.
Бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті
1,090
оқылды

Халықтың талап-тілектерін шешу, партиялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы партиялық жұмыстың мақсат-міндеттерін пысық­тады. Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Берген Беспалинов жиында партияның негізгі күші боп саналатын бастауыш ұйымдардың рөліне ерекше тоқталды. 

Ақмола облыстық мәсли­хатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов сайлаушылармен тығыз байланыс орнату бас­тауыш партия ұйымда­ры­ның негізгі мақсаты екенін атап өтті. 

 Облыстық партия фи­лиа­лы атқарушы хатшысы Ақманат Әлімбетованың жи­налғандар алдында жаса­ған есебі бойынша, бүгінде облыста 274 бастауыш партия ұйымында 38 мыңнан астам мүшесі бар екен. 

«Партиялықтардың ха­лықпен тығыз қарым-қаты­нас орнату міндеті өз нәти­же­сін беруде. Соңғы екі ай­дың қо­ры­тындысы бойынша өңірде қоғамдық қабылдау бөлме­леріне 1646 өтініш ке­ліп түсіп, оның 1021 өті­ніші оң шешімін тапты. Ал, «Қа­рыз­сыз қоғам» жобасы аясында дәл қазіргі уақытқа дейін облыстың 1071 азаматы қаржылық сауат­тылы­ғын арт­тырған. Жыл соңына дейін барлығы 8200 азаматы оқыту жоспары тұр», – деді Ақманат Әлімбетова. 

Былтырдан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақмолалық ауыл тұрғын­дарына 1,2 млрд теңге сомасында 198 тұлғаға несие бе­рілген. Ал «Жер аманаты» жо­басы аясында жекеге заң­сыз өткен  203 мың гектар жер мемлекет меншігіне қай­тарылған.