Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді.
Нұрлан имам сәресіде кешігіп ауыз бекітудің қауіпті екенін айтты
Әбілқасым Есентаев
17,229
оқылды

Танымал дін маманы, Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы Jibek Joly телеарнасындағы «Ораза қабыл болсын!» бағдарламасына қонақ болып, көрерменнің оразаға қатысты сауалына жауап берді, – деп жазады Aikyn.kz.

Тікелей эфирге хабарласқан көрермен «Кейде 5-10 минут кешігіп ауыз бекітемін. Тамақ жеп-жеп алайын деген ниетпен. Осылай кешігіп бекіте берсем, бола ма?» деп сұрайды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күннің шығатын уақыты мен ауыз бекітетін сәресінің, ауыз ашатын ақшам уақытын жіті зерделеп, бекітеді. Сондықтан сіздің ауыз бекітер кезде он минут кешіккеніңіз өте қауіпті. Тіпті, бұл оразаның дұрыс болмауына әкеп соғады. Сондықтан он минут кешігіп жегенше, он минут ерте тұра салыңыз. Ұялы телефоныңыздағы оятқышты 10-20 минут ерте қойыңыз», – деді имам.