Құтқарушылар тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.
Су тасқыны қаупі бар: Алматы өзендеріндегі су деңгейі көтеріледі
869
оқылды

Алматыда өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 16-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін", – делінген ТЖД хабарламасында.

Осыған орай құтқарушылар тұрғындарды жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.