Күдікті әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында көліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған.
Түркияда алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
3,576
оқылды

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні Түркияда жүрген жерінен ұстап, елге жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, күдікті әйел топ құрамында алдын ала сөз байласу арқылы Kolesa.kz сайтында көліктерді сату туралы хабарландыру жариялап, азаматтарды үлкен сомаға алдаған.

"Полиция алаяқтықтың 17 фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген полиция хабарламасында.