Ауа райына байланысты еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды.
Тұман түсіп, көктайғақ болады: 18 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pexels.com
1,706
оқылды

Қазгидромет 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Cиноптиктердің болжамы бойынша, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласында тұман болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман тұсуі ықтимал. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман болады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде өңір орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысының Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.