Соңғы кезде сахнадан жиі көрініп жүрген өнер иесінің бір ұлы бар.
"Анам 27 жасында 2 баламен жесір қалды": Балқия рөлімен танылған Нұргүл Мыңғатова жан сырын айтты
Фото: teznews.kz
18,569
оқылды

“Келінжан” телехикаясы арқылы танылған актриса Нұргүл Мыңғатова отбасы мен жеке өмірі туралы “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасында айтып берді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Соңғы кезде сахнадан жиі көрініп жүрген өнер иесінің бір ұлы бар. 

“Жеке өмірім шүкір, жақсы. Жариялағым келмейді. Өйткені ол менің жеке өмірім. Бірнәрсе болсын жеке болып қалуы керек. Білетін адамдар біледі ғой. Білгісі келіп жүрген адам да көп. Сұрайды. Мүмкін өзінің уақыты келер. Жолдасым да жариялағанды ұната бермейді. Қазір 1 ұлым бар. Отыздан аса босандым. Жүктілігім керемет өтті. Еркелеп жүрдім. Бәрі жақсы өтті", – деп жауап берді актриса. 

Сонымен қатар кино жұлдызы балалық шағы туралы да айтып берді. Алайда әкесі туралы естелік айтқанда көңілі босады. 

“Балалық шағым Аягөз қаласында өтті. Нағашы ата-әжемнің қолында өстім. Сүт сатып, еңбекке араластым. Әкем өмірден ерте кетті. Анам ол кезде 27 жаста болған. Екі баламен жесір қалды. Ағам Нұрлан екеуміздің арамыз – 3 жас. Әкем дүниеден озған кезде ол кезде кішкентай болдым. Есімде жоқ. Ауырған сияқты. Ол кісі Катонқарағайдан еді. Анам Аягөздікі. Әжемді мама деймін. Әкем туралы әжемнен сұрауға бата алмайтынмын. Ренжіп қала ма деп ойлайтынмын. Бірақ кейде әкемді іздейтінмін. Соңғы кездері әкемді қатты есіме алатын болыппын. Қазір үлкен парызым тұр: басына барып, Құран бағыштап, туған-туысты жинау. Жете алмай жүрмін. Өзімді кінәлі сезініп жүрмін. Қу тіршілік, күнкөріс дегендей", – деді ол.