Би флешмобы Астанада «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің аумағында өтті.
Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері ұлттық киіммен флешмобқа шықты
Фото: gov.kz
1,180
оқылды

Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурызда атап өтілетін ұлттық киім күні елорданың мәдениет ұйымдарының қызметкерлері ауқымды флешмоб өткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Би флешмобы Астанада «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің аумағында өтті. Елорданың мәдениет мекемелерінің 500-ден астам қызметкері «Қошқар мүйіз» ою-өрнегі бейнелеген ұлттық киіммен шықты. 

«Наурыз мерекесін тойлау онкүндікке бөлінген. Ол 14 наурызда басталып, 23 наурыз күні аяқталады. Әр күнге атаулы даталары қойылған. Бүгінгі іс-шарамыз «Ұлттық киім» күні деп аталады. Мәдениет басқармасына қарасты қаланың барлық мәдениет ұйымы өнерпаздардың басын қосып, өнерін көрсетіп жатыр. Бұл өскелең ұрпаққа ұлттық киімдерімізді дәріптеу мақсатында өткізіледі», - деді Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов.

«Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовниковтың айтуынша, флешмобтың мақсаты – ұлттық киімдерді насихаттау және мәдениетті дамыту. Қазақ ұлттық киімі Наурыз мерекесі мен қазақ мұрасының ажырамас атрибуты болып саналады.

«Біз мәдениет қызметкерлері ретінде қазақстандық брендтер мен ұлттық киімдерді бүкіл әлемге танымал ету үшін ілгерілетуіміз керек. Сонымен қатар ұлттық костюмдер функционалды, оларды көшеде де, кеңседе де киюге болады», - деп атап өтті Сергей Солодовников.