Оқыс оқиға Зея округіндегі «Пионер» кенішінде болған.
Ресейде шахта опырылып, 13 кенші үйінді астында қалды
Фото: sputnik.kz
1,284
оқылды

Ресей Федерациясына қарасты Амур облысында гидрометаллургиялық зауыттың шахтасы опырылып, кеншілер үйінді астында қалды. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz РБК ақпарат агенттігіне сілтем жасап.

«Оқиға орнында Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. Зея муниципалды округінде жерасты кенішінде тау жынысы опырылды. Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында 13 адам болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын вентиляциялық еңіс бойына құтқарушылар тобын жіберген, сонымен қатар кеншілермен байланыс қалпына келтіріліп, көлік жолы тазартылып жатыр.

Интерфакс пен 112 Telegram каналы оқиғаның Зея округіндегі «Пионер» кенішінде болғанын хабарлады (алтын өндіретін кәсіпорынның иесі — «Петропавл» компаниялар тобы). Сондай-ақ алдын ала болжам бойынша, үйінді астында қалған кеншілер тірі.