Президенттік орталықта Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына арналған «Наурыз» мерекесіне орай «Көктем әуені» атты көрмесінің ашылуы өтті.
Астанада «Көктем әуені» көрмесі өтіп жатыр
912
оқылды

Іс-шара Наурыз мерекесімен байланысты ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дәріптеу, өз елінің тарихына құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ кең көрерменді елордалық суретшілердің шығармашылығымен таныстыру мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Астана қаласының Суретшілер одағымен бірлесіп ұйымдастырылды. 

 

ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова өзінің кіріспе сөзінде бүгінгі іс-шараны ұйымдастырушылар арасындағы шығармашылық ынтымақтастық – бұл біздің ұлттық көркемөнер туындыларын сақтауға, көбейтуге және одан әрі дамытуға бағытталған шығармашылық тандемі екенін атап өтті.

Өз кезегінде, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан Қазақстанның ұлттық бейнелеу өнері мектебінің негізін қалаушы ретінде Әбілхан Қастеевтің мұрасы өзінің дәйекті зерделеуін және кеңінен танымал болуын талап ететінін атап өтті.

 

Астана қаласы Суретшілер одағының төрағасы Өмірәлі Исмаиловтың айтуынша, еңбектерін «Көктем әуені» көрмесінде көруге болатын Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерінің өкілдері ұлттық көркемсурет мектебінің дәстүрлерін жалғастырушылар болып табылады, сондай-ақ олардың барлығының жеке шығармашылық «қолтаңбасы» қалыптасқан.

Көрме аясында елорда тұрғындары мен қонақтары 40-тан астам кескіндеме, мүсін, графика және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныса алады. Ұсынылған жұмыстардың әрқайсысы авторлардың қоршаған айналасы жайында, терең тарихи тамырлар және Қазақстан халқының болашағы туралы ойларын жеткізетін терең философиялық мағынаға толы.

 

Авторлар елімізде де, одан тыс жерлерде де танымал Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері: Д.Калимова-Кастеева, Ж.Сейтхамза, С.Ысқақбек, А.Бекишева, А.Аубакир, Ж.Нугербек, М.Аманбаев, Ө.Тлеулиев,  Қ.Баймуханов, В.Слабоспицкая, С.Маханбетов, Б.Арипов,  Ә.Баяндин, Б.Бүрдесбеков,  А.Кадырбаев, М.Байтенов, И.Ачилов, В.Пирожков, К.Муллашев, А. Имаш. 

Көрме 2024 жылдың 18 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін жұмыс істейді.