Айтуынша, алғашында Ұлан Қонысбаев сахнадағы образға үйренбей, басқа киім киіп шығуды ұсынған.
«Ұлан осы жылы маған сәттілік болды»: Балжан Бидаш сахнадағы жұбы туралы айтты
Фото: instagram.com/konysbayev7
6,908
оқылды

Әнші Балжан Бидаш «Өмір көркем» бағдарламасында қонақ болып, «Егіз лебіз» жобасында бірге өнер көрсетіп жатқан сахнадағы жұбы, футболшы Ұлан Қонысбаев туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі әр бағдарлама сайын шыңдалып, тәжірибе жинап жатқанын айтады. 

«Әр бағдарлама сайын тәжірибе алып жатырмыз. Ұланға әнші болмасқа болмады. Сахнадағы дайындық бар, түсірілім, қобалжу бар. Мен көп дайындалып, дайындыққа шақыратын тәлімгер емеспін. Ұлан осы жылы маған сәттілік болды. Әнге икемі бар. Караокеден шықпайтын жігіт. Бағдарламаға дайындалып, арасында ұрысып қоятыным бар. Ол – Астанада, мен Алматыдамын. Екеуміз екі жақта дайындалдық. Бірақ ешқандай қиындық тудырмады», – дейді әнші. 

Айтуынша, алғашында Ұлан Қонысбаев сахнадағы образға үйренбей, басқа киім киіп шығуды ұсынған. 

«Өмір бойы спорттық киім киіп келген жігіт. Сахнаның жылтырақ костюмін киюге қиналды. Бірақ эфир шыққаннан кейін өзін экраннан көріп, үйреніп кетті. Өзіне де ұнады. Қазір бермесең, тартып алып киеді. Өте ақкөңіл, тәрбиелі, жақсы жігіт. Ата-анасы өте керемет, әр эфирден қалмай, бізге қолдау білдіріп келеді. Бір күні ата-анасы бешбармақ әкеледі, бір күні Ұлан жеміс-жидек әкеледі. Бізді еркелетеді, қамқор», – деді Балжан Бидаш.