Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын шақыру туралы
2024 жылғы 20 наурыз
- Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы 2024 жылғы 24 – 25 сәуірде Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» күн тәртібімен шақырылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 20 наурыз
№ 132