Осы орайда министр ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы түрмеде отырғанын баса айтты.
Кәрім Мәсімов жазасын өтеп жүр ме? – Министр жауап берді
Фото. orda.kz
1,106
оқылды

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың қайда екендігін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрден: «Оның қандай да бір іс-шараға қатысқаны туралы ақпарат тарады, сурет те бар. Бұл ақпарат қаншалықты рас әлде фейк пе? Неліктен оның түрмеде отырғанына қатысты бірде-бір сурет не видео факті жоқ?», – деп сұраған еді.

Осы орайда министр ҰҚК-ның бұрынғы төрағасы түрмеде отырғанын баса айтты.

«Біз барлық сотталушыны көрсете алмаймыз. Ол сотталды, бас бостандығынан айыру орнында», – деді Ержан Сәденов.