Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Астанаға «Наурыз базары» жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім әкеледі.
Үш күнге созылатын Наурыз жәрмеңкесіне 200 тонна өнім сатылымға шығарылмақ
2,995
оқылды

Наурыз мерекесі қарсаңында елорда қонақтары мен тұрғындары үшін 3 күн ішінде EXPO көрме орталығының алаңында «Наурыз базары» жәрмеңкесі өтеді. Биыл оған қатысу үшін Астанаға республика өңірлерінен және алыс-жақын шетелдердің 8 елінен 50-ден астам қолөнершілер келеді.  

Зергерлер, қыш шеберлері, керамика, тас және монета мамандары, кілем тоқу бойынша сарапшылар, халық музыкалық аспаптарын жасаушылар Астанаға қолдан жасалған бұйымдарды әкеледі.  Қолөнершілер Түркия, Иран, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан сияқты елдерден келеді.

«Наурыз базары» жәрмеңкесіне қатысушылар этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларының таңдаулы нұсқаларын ұсынады. Жәрмеңкеде қолдан жасалған бұйымдардан басқа, азық-түлікті тікелей ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден сатып алуға болады. 

Ел өңірлерінен келген фермерлер азық-түлік жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім, оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, бал және т. б. әкеледі. Жәрмеңке 21 наурызда сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін, 22 және 23 наурызда 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.