Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарлады.
Мәскеу маңындағы атыс: Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды
Фото: pexels.com
1,694
оқылды

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі «Крокус Сити Холл» ғимаратында оқ жаудырған. 

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. 

Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарлады.