«Қазгидромет» РМК алдағы 7 күнге ауа райы болжамын жариялады.
Күн жылынады: 23-29 наурыз аралығында ауа райы қандай болады?
9,883
оқылды

Синоптиктердің болжамынша, 2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.

26 наурызда Қазақстанның батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жылынады деп күтіледі.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 55%-ды құрайды.