Қасым-Жомарт Тоқаев Грек Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Грекияны тәуелсіздік күнімен құттықтады
akorda.kz
915
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Грек Республикасының президенті Катерина Сакелларопулуды және грек халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы  Аikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Бүгінде Грекия Еуропа Одағының белсенді елдерінің бірі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің әрі қарай қарыштап дамуына, мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін. Қазақстан мен Грекия арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достықтан серпін алатын ынтымақтастығымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Келешекте елдеріміз арасындағы ықпалдастық және сан қырлы байланыстар ауқымы одан әрі ұлғая түсетініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Катерина Сакелларопулудың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Грекия халқына құт-береке тіледі.