Оңтүстікте дауыл тұрып, найзағай жарқылдайды.
Тұман түсіп, жел күшейеді: 26 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com
1,450
оқылды

Қазгидромет 26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады. Ал батыста нөсер жаңбыр жауса, еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл тұрып, найзағай жарқылдайды, солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады.