Қосалқы күш ретінде өңірге Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.
Су тасқыны: Әскери қызметкерлер Ақтөбе облысына көмекке аттанды
2,784
оқылды

Су тасқынына қарсы жұмыс жүргізу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімінен 50 әскери қызметкер мен 4 бірлік техника Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық елді мекеніне аттанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында Мұқан шоқыларынан келген қалың қар мен судың көптігінен еріген су елді мекенге жайылды.

Су ағыны ауылдың арық жүйесіндегі өзен арналарының жағасынан шыққандықтан, елді мекеннің ішіндегі жол жамылғысын бойлай ағып өтті. Бір күн бұрын облыстық төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар 50 метр сайын инертті материалдарды төсеген. Жағалауды нығайту құрылыстары салынды.

Қазір еріген қар суы жол төсемінің бойымен ағып жатыр. Су басқан үйлер жоқ. Су 30 см-ге дейін төмендегені белгілі болды.

Сонымен қатар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосалқы күш ретінде өңірге Маңғыстау облысы ТЖД күштері мен құралдары жіберілді.

Облыстағы 52 адамнан тұратын құтқару жасағы, 5 бірлік техника, 8 мотопомпа жұмысқа тартылды.