Үкіметтің бүгінгі отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шаруаларды арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Энергетика министрлігінің басшысы жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесі бекітілгенін хабарлады. Бұл ретте баға 2023 жылдың деңгейінде барлық 20 өңірде – ҚҚС-пен 250 теңге/литр қалды. Бұл бөлшек саудадан 15%-ға немесе 45 теңге/литрге төмен.
Егіс науқаны кезінде дизель отынының қозғалысын бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылданды.
Олардың қатарында:
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алу;
- дизель отынын сары, көк және қызыл түске бояу;
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ЭШФ АЖ жүйесінде АШТӨ дизель отыны үшін жеке виртуалды қойма құруы.
«Ақпан-наурыз айларында 50,1 мың тоннаның 27 мың тоннасы немесе 55%-ы жөнелтілді. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігіне 35,8 мың тонна дизель отынын қосымша жеткізуге өтінім жолданды. Іріктеу фактісінің 55%-дан аспайтынын және 2023 жылғы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, ЭМ-гі АШМ-мен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп-жөнелтудің оңтайлы кестесін айқындайды. Ол бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне бағытталған және тұрақты бақылауда», – деді министр.