Мәскеу сотында "Крокус Сити Холл" сауда орталығында болған терактіге қатысы бар делінген тағы бір айыпталушыға байланысты материалдар сотқа түсті.
Мәскеудегі теракт: тағы бір күдікті сотқа жеткізілді
Фото: t.me/moscowcourts
10,665
оқылды

Мәскеу сотында "Крокус Сити Холл" сауда орталығында болған терактіге қатысы бар делінген тағы бір айыпталушыға байланысты материалдар сотқа түсті. Бұл туралы Aikyn.kz Мәскеу сотының Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлады.

 

"Мәскеудегі Басманный аудандық соты алдағы күндері Қырғыз Республикасының тумасы Алишер Хатамович Касимовқа қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы тергеу органдарының өтінішін қарайды", – делінген сот хабарламасында.

Соттың баспасөз қызметі сот залынан түсірілген кадрларды жариялады.

Еске сала кетейік, 22 наурызда кешке Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс пен өрт болғанын хабарлады. Бұл жерде "Пикник" тобының концерті өтуі тиіс еді. Бұл оқиғадан кейін Ресей Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников терактіге байланысты 11 адамның, оның ішінде "Крокус-Сити Холлдағы" терактіге тікелей қатысы бар төрт адамның ұсталғанын хабарлады.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Соңғы мәлімет бойынша, "Крокус-Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттің салдарынан қаза тапқандар саны 139 адамға жеткен, 90-нан астам адам ауруханада жатыр.