Биыл ұзындығы шамамен 60 км болатын 50-ден астам көшені жөндеу жоспарланып отыр.
Астана әкімдігі өз есебінен жолды қайта жөндейтін мердігерлер тізімін жариялады
626
оқылды

Астанада анықталған ақауларға байланысты бірнеше мердігер Жол-құрылыс ұйымдары өз есебінен жұмыстарды қайта жасауға мәжбүр болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаланың көше-жол желісін көктемгі зерттеу барысында 2021-2022 жылдар аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілген бірнеше көшелерде ақаулар табылды, атап айтқанда:

1. Жетіген көшесі А. Пушкин көшесінен Ж. Досмұхамедұлы көшесіне дейін – "Сотис групп" ЖШС;

2. А. Иманов көшесінің бойында А. Янушкевич көшесінен Ш. Уәлиханов көшесіне дейін – "Айя Сервис" ЖШС;

3. Алаш тасжолы жол өтпесінен Жолымбет көшесіне дейін – "Айя Сервис" ЖШС;

4. Мәңгілік Ел даңғылы М1 көпірінен Бұқар жырау көшесіне дейін – "Компания Энергодор" ЖШС;

5. Қабанбай батыр даңғылы бойында Сарайшық көшесінен Қорғалжын тасжолына дейін – "Сотис групп" ЖШС;

6. Жеңіс даңғылы бойында Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін – "Сотис групп" ЖШС;

7. Р. Қошқарбаев даңғылы бойында Қордай көшесінен М. Төлебаев көшесіне дейін – "Сотис групп" ЖШС;

8. Еңлік-Кебек көшесінің бойында Сұлтан Бейбарыс көшесінен Болашақ көшесіне дейін – "РЕКМА КЗ" ЖШС.

Аталған учаскелерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігер ұйымдар кепілдік міндеттемелеріне сәйкес, өз қаражаты есебінен жол төсемінің ақауларын жоюға кіріседі. Бұл жұмыстар жоспарлы түрде және қолайлы ауа райы жағдайлары басталған кезде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, биыл ұзындығы шамамен 60 км болатын 50-ден астам көшені жөндеу жоспарлануда, сондай-ақ 20-дан астам ірі нысан іске асырылатын болады. Олардың бір бөлігі осы жылы аяқталады, бір бөлігінде – құрылыс басталады (көшелер, көпірлер және т.б.).

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде түсіністік пен шыдамдылық таныту сұралады.

Учаскелердің жабылуынан туындаған уақытша қолайсыздықтар ұзаққа созылмайды, бірақ жолдардың жағдайын жақсартады және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.